Сирия шекарасында жарылыс болды

Израиль Сирияның шекарасы маңында жарылыс даусы естілгенін білдірді.

1461394
Сирия шекарасында жарылыс болды

Израиль Сирияның шекарасы маңында жарылыс дауысы естілгенін білдірді.

Израиль армиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеде "Жарылыстар Сирия тарапында болды. Жарылыста Израиль тарапындағы бір ғимарат және көлік зақымдалды" деген сөздер қолданылды. 

Мәлімдемеде оқиғаның егжей-тегжейінің тексеріліп жатқаны баяндалды. 

Сирия тарапы тақырыпқа байланысты әлі бір мәлімдеме жасаған жоқ.

Израиль армиясы кеше Ливан шекарасындағы жасақтарға қосымша күш жіберілгенін хабарлаған еді. 

Израиль азаматтық соғыс басталған 2011 жылынан осы таңға дейін Сирияда анда-санда Иран қолдауындағы топтарға және режимге тиесілі әскери түйіндерге шабуылдар жасауда. 

 



Ұқсас жаңалықтар