Әлемде коронавирус көрсеткіштері

Коронавирустың жаңа түрі салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 613 мың 690-дан асты.

1458971
Әлемде коронавирус көрсеткіштері

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 613 мың 690-дан асып, вирус жұқтырған адам саны 14 миллион 874 мыңнан асты. Сауығып кеткендер  саны 8 миллион 929 мыңнан асты.

Америка Құрама Штаттарында Ковид-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 143 835 адамға дейін өсті, ал вирус жұқтырғандар саны 3 миллион  961 мыңға дейін өсті.

АҚШ-тан кейін эпидемиядан ең көп зардап шеккен ел Бразилияда Ковид-19 кесірінен 80 мың 251 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырып алғандар саны 2 миллион 121 мыңнан асатын елде ауруды жұқтырғандардың қатарында 2 министр бар. «Менде бейсенбі күні Ковид-19-ға ұқсас симптомдар байқала бастады. Жұма күні тестілеуден өттім, нәтижесі оң болды», - деді Азаматтық министрі Оникс Лоренцони Twitter-дегі парақшасында. Білім министрі Милтон Рибейро Ковид-19 сынамасының нәтижесі оң болғанын, емделіп жатқанын және қашықтан жұмыс істей беретінін мәлімдеді.

39 мың 485 адам қайтыс болған Мексикада Ковид-19 анықталған азаматтардың саны 349 мың 396 –ға жетті.

12 адам қаза тапқан Доминика Республикасындағы вирус жұқтырғандар саны соңғы 24 сағат ішінде 1101 артып, 53 мың 956-ға жетті. 45 күндік төтенше жағдай жарияланған елдің көптеген қаласында әр түрлі уақыт аралығында басталатын коменданттық сағат енгізіліп, қоғамдық орындарда бетперде тақпайтындарға айыппұл салынады.

Францияда эпидемияның салдарынан соңғы 3 күнде 25 адам қайтыс болды. Өлім-жітім 30 мың 177-ге жетті. Ал инфекцияға шалдыққандар саны соңғы 24 сағат ішінде 350 адамға артып, 208 мың 328-ге жетті. Елде кешеден бастап  қоғамдық жабық жерлерде бетперде тағу міндетті болды. Осы ережені сақтамағандарға 135 еуро айыппұл салынады.

Ковид-19 салдарынан басқа елдерде қайтыс болғандар саны:

Англия 45 мың 312, Италия 35 мың 58, Испания 28 мың 422, Бельгия 9 мың 805, Германия 9 мың 173, Канада 8 мың 858, Чили 8 мың 633, Колумбия 6 мың 929, Нидерланды 6 мың 136 және Швеция 5 мың 639.

 



Ұқсас жаңалықтар