Столтенберг Ресейден алаңдап отырғандарын айтты

Столтенберг одақтастардың Ресейдің Ливияда артқан іс-шараларына алаңдап отырғанын, жағдайды тығыз бақылайтындарын айтты.

1441842
Столтенберг Ресейден алаңдап отырғандарын айтты

НАТО Бас  хатшысы Йенс Столтенберг одақтастардың Ресейдің Ливияда артқан іс-шараларына алаңдап отырғанын, жағдайды тығыз бақылайтындарын айтты. 

Йенс Столтенберг German Marshall Fund атты ой-пікір ұйымы тарапынан ұйымдастырылған "Брюссель форумы" атты бағдарламада сөз сөйледі. 

Йенс Столтенберг НАТО мүшелерінің Ресейдің Ливияда болмысын арттыруынан алаңдау керектігі көзқарасын бөліскендерін білдірді.

Ресейдің Ливияда соғыс ұшақтары және шетелдік жауынгерлермен артып келе жатқан әскери қабілеті және жалпы мағынада Шығыс Жерорта теңізіндегі тұғырының НАТО саласында мазасыздық жаратқанын атап айтқан Столтенберг:

"Жағдайды мұқият бақылау және хабарларды бөлісу керектігі жөнінде ортақ  көзқарастамыз" деді.

Йенс Столтенберг Ливияда БҰҰ басшылығында саяси шешім қарастыру тақырыбында да ортақ ойға келдік" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар