Қытай ұшақтары Тайвань әуе алаңына кірді

Тайвань Қытай армиясына қарасты әскери ұшақтардың Тайвань Әуе Қорғаныс анықтау алаңына (ADIZ)  кіргенін білдірді.

1439541
Қытай ұшақтары Тайвань әуе алаңына кірді

Тайвань Қытай армиясына қарасты әскери ұшақтардың Тайвань Әуе Қорғаныс анықтау алаңына (ADIZ)  кіргенін білдірді.

Тайвань Әуе күштері қолбасшылығынан жасалған мәлімдемеде Қытайға қарасты кемінде бір "J-10" типті әскери ұшақтың аймақтың оңтүстік батысындағы ADIZ-ға кіргені хабарланды.

Мәлімдемеде:

"Жасанды серіктеріміз және бақылау ұшақтарымыздың килігуінен кейін Қытай ұшағы ADIZ аймағынан кетті" деп жазылды.

Қытай армиясына қарасты әскери ұшақтар Тайвань әуе қорғаныс алаңына екі аптада  6 рет кірді.

Қытайда 1949 жылы Мао Цзэдун билікке келгеннен кейін Чан Кайши мен кейбір үкімет мүшелері Тайваньға барып мекендеген, 1912 жылы құрылған "Қытай Республикасы" билігінің Аралда жалғасқанын пайымдап, тәуелсіздік жариялаған, бұл талпыныс Қытай тарапынан теріске шығарылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар