Өлім-жітім әлем көлемінде 456 мың 460-дан асты

Жазылып кеткендер саны 4 миллион 536 мың болды.

1438883
Өлім-жітім әлем көлемінде 456 мың 460-дан асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 457 мың 50-ден асты. Расталған оқиға саны 8 миллион 615 мың, жазылып кеткендер саны 4 миллион 542 мың болды.

Ең көп адам қайтыс болған АҚШ-та қайтыс болғандар саны 120 мыңға жетті. Оқиға саны болса 2 миллион 255 мыңға жуықтады.

Өлім-жітім бір күнде 233 артып,  42 мың 153-ке жеткен Ұлыбританияда вирус жұқтыру оқиғасы 300 мыңға жақындады. 

Италияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар 66-ға көбейіп, өлім-жітім 34 мың 514 болды. 333 жаңа оқиға тіркелген елде науқас саны 824-ке азайып, 23 мың 101-ге төмен шегерілді.

Францияда  24 сағатта эпидемия салдарынан 28 адам қайтыс болды. Өлім-жітім 29 мың 603-ден асқан елде соңғы 24 сағатта 467-ге көбейген оқиға саны 196 мың 46 болды.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы 1 аптада қайтыс болғандар санын 52 деп жариялады. Қайтыс болғандардың жалпы саны 7 маусым күнінен бері тұрақталып, 27 мың 136, жаңа оқиға саны 143-ке көбейіп, 245 мың 268-ге жетті.

Португалияда Сovid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қаза тапқан 1 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны мың 524-ке, оқиға саны 417-ге көбейіп, 38 мың 89-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар