Ирак Иранға нота тапсырды

Ирак Иранның Эрбильге қарасты Хажы Умрандағы таулы аймақтарға бағытталған әуе шабуылдары себепті нота тапсырды.

1438783
Ирак Иранға нота тапсырды

Ирак Иранның Бағдаттағы өкілетті елшісі Ирс Месджидиге Эрбильге қарасты Хажы Умрандағы таулы аймақтарға бағытталған әуе шабуылдары себепті нота тапсырды. 

Ирак Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Иранның Бағдаттағы өкілетті елшісі Ирс Месджидиге Эрбильге қарасты Хажы Умрандағы таулы аймақтарға бағытталған әуе шабуылдары себепті министрлікке шақырылып, нота тапсырды" делінді.

Осы шабуылдардың мемлекеттің мал-мүлкін зақымдағаны білдірілген мәлімдемеде шабуылдардың аймақ халқын қорқытқаны атап өтілді.

Мәлімдемеде Ирак үкіметінің Иранмен қарым-қатынастарын жалғастыруды қалайтыны, елдің егемендігіне құрмет көрсетілуін күткендері білдірілді.

Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясы екі күннен бері Эрбиль қаласына қарасты таулы шекара аймақтарға зеңбірек атқанын хабарлаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар