Өлім-жітім әлем көлемінде 409 мың 100-ден асты

Жазылып кеткендер саны 3 миллион 550 мың болды.

1432005
Өлім-жітім әлем көлемінде 409 мың 100-ден асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 409 мың100-дан асты. Расталған оқиға саны 7 миллион 218 мың, жазылып кеткендер саны 3 миллион 554 мың болды.

Америка Құрама Штаттары ең көп оқиға мен қайтыс болғандар тіркелген ел болды. Елде эпидемия себепті 113 мың 61 адам қаза тапты, 2 миллион 26 мың 597 адам да Covid-19 анықталды.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда Covid-19 cалдарынан қайтыс болғандар саны 40 мың 465-ке өсті. 

Италияда коронавирус салдарынан бір күнде қайтыс болғандар саны 65-ке көбейіп, 33 мың 964-ке, вирус жұқтыру оқиғасы болса 235 мың 278-ге жетті. Соңғы 24 сағатта 280 жаңа оқиға тіркелді.

Францияда коронавирус себебімен соңғы 24 сағатта 54 адамның қайтыс болуымен, өлім-жітім 29 мың 209-ға, вирус жұқтырғандар саны 211-ге көбейіп, 191 мың 593-ке жетті.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы 24 сағатта өлім тіркелмегенін жариялады.  Қазірше қайтыс болғандар саны 27 мың 136. Жаңа оқиға саны 48 болған елде вирусты жұқтырғандар саны да 241 мың 717 болды.

Португалияда болса соңғы 24 сағатта Сovid-19 салдарынан 6 қаза тапса, оқиға саны 34 мың 885-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар