Конгода Эбола індетінен 4 кісі қайтыс болды

Конгода 2018 жылы тамызда басталған Эбола індеті себепті қазірге дейін 3 мың 314 оқиға тіркелді, 2 мың 25 кісі қайтыс болды.

1427470
Конгода Эбола індетінен 4 кісі қайтыс болды

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті себепті 4 кісі қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрі Этени Лонгондо жасаған мәлімдемесінде  елінің солтүстік батысында Эбола індетін жұқтырған жаңа науқастар бар екенін, 4 кісінің індет себепті қайтыс болғанын білдірді.

Солтүстік Киву аймағы Денсаулық сақтау министрі Др. Мойс Какуле Кантере 2 аптаның алдында елдегі соңғы науқастың емделіп жатқан Бени уәлаятындағы Эбола емдеу орталығынан сауығып шыққаннан кейін Эбола індеті жойылғанын жариялау үшін 42 күндік мезгілдің басталғанын жариялаған болатын. 

Конго Демократиялық Республикасының шығысында 2018 жылы тамыз айында басталған Эбола індеті себепті қазірге дейін 3 мың 314 оқиға тіркелді, 2 мың 25 кісі қайтыс болды. 



Ұқсас жаңалықтар