Өлім-жітім әлем көлемінде 374 мың 400-ден асты

Жазылып кеткендер саны 2 миллион 865 мыңнан асты.

1426940
Өлім-жітім әлем көлемінде 374 мың 400-ден асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 374 мың 400-ден асты. Расталған оқиға саны да 6 миллион 299 мың болып, жазылып кеткендер саны 2 миллион 865 мыңнан асты.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 215-ге көбейіп, 38 мың 376-ға жетті. Оқиға саны болса 2 мың 445 артып, 272 мың 826-ға өсті. 

Италияда коронавирус салдарынан бір күнде қайтыс болғандар саны 75-ке көбейіп, өлім-жітімнің жалпы саны 33 мың 415-ке жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы болса 355 артып, 233 мың 19 болды. 

Францияда коронавирус себебімен соңғы 24 сағатта ауруханаларда 31 адам қайтыс болып, өлім-жітім 28 мың 802-ге өсті. Вирус анықталған адам саны туралы мағлұмат бөліспеген елде жазылып кеткендер саны 87-ге көбейіп, 68 мың 355 болды.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы бір күнде қайтыс болған адам санының 2-ге көбейіп, 27 мың 127-ге жеткенін жариялады. Министрлік соңғы 1 аптада 39 адамның эпидемия салдарынан қайтыс болғанын білдірді. Соңғы 1 тәулікте вирус жұқтыру оқиғасы 96 екені, оқиға санының да 239 мың 429-ға өскені мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар