Трамп әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін жарлыққа қол қойды

АҚШ  президенті Дональд Трамп елдегі әлеуметтік желілердің қызметін реттеуге бағытталған жарлыққа қол қойды.

1425382
Трамп әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін жарлыққа қол қойды

Трамп әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін жарлыққа қол қойды.

Америка Құрама Штаттары  президенті Дональд Трамп елдегі әлеуметтік желілердің қызметін реттеуге бағытталған жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа қол қоймас бұрын Ақүйде сөз сөйлеген Трамп бұл қадам «сөз бостандығын өзі тап болған Америка тарихындағы ең қауіпті қауіптердің бірінен қорғауы тиістігін» мәлімдеді. 

Трамптың айтуынша, әлеуметтік желілердің монополиялары Америка Құрама Штаттарындағы қоғамдық және жеке коммуникациялардың басым бөлігін басқарады.

Жарлыққа қол қою барысында бір журналисттің "Твиттер желіңізді жабасыз ба?" деген сұраққа  Дональд Трамп "Бұл елде тіпті әділетті бір баспасөз болса, онда бұны жасаушы едім. Бірақ баспасөз әділетсіз болғандықтан мен әлеуметтік желі арқылы көптеген адаммен байланыс жасай аламын" деп жауап берді. 

Трамп сондай-ақ әлеуметтік желілер жеке адамдар мен кең аудитория арасындағы байланыстың кез келген түрін цензураға тексеріп, шектеп, редакциялап және өзгерте алатындай бақылаусыз билікке ие екенін атап өтті. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар