Коронавирус психологияға да әсер етеді

Антониу Гутерриш коронавирус эпидемиясының адамның тек денсаулығына ғана емес,  психологиялық түрде де әсер еткенін білдірді.

1417524
Коронавирус психологияға да әсер етеді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус эпидемиясының адамның тек денсаулығына ғана емес,  психологиялық түрде де әсер еткенін білдірді. 

Гутерриш видео жариялап, жақындарынан және жұмысынан айрылып қалу, карантин және қозғалыс шектеуі мен болашаққа байланысты уайымдар секілді себептердің адамдардың психологиясына әсер ететініне назар аударды. 

Сovid-19 эпидемиясының стресті арттырғанын және әсіресе алдынғы шепте жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер,  қариялар, денсаулығы нашар азаматтар,  дағдарыс және соғыс аймақтарында өмір сүретіндерге көп әсер еткенін білдірген Бас хатшы эпидемия бақылауға алынса да, уайым мен депрессияның адамдар мен қоғамдарға әсер етуін жалғастыратынын айтты. 

Гутерриш үкіметтерді эпидемиямен күресте психологиялық қызметтерді арттыру және қаржыландыруға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар