Сирияда бомбаның жарылуы кесірінен 11 адам жарақат алды

Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында пакет ішіндегі бомбаның жарылуы кесірінен 11 адам жарақат алды.

1414575
Сирияда бомбаның жарылуы кесірінен 11 адам жарақат алды

Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында пакет ішіндегі бомбаның жарылуы кесірінен 11 адам жарақат алды. 

Түрік Қарулы күштерінің "Евфрат қалқаны" операциясы арқылы террордан тазаланған Баб ауданы орталығында "Раи жолы" деп аталған адамдар көп жүретін көшеге тасталған бомба жарылды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда  пакет ішіндегі бомбаның жарылуы кесірінен кем дегенде 11 адам жарақат алды. 

Бомба жарылысынан жарақат алғандар ауруханаларға апарылды. 

Оқиға орнын тексерген жергілікті қауіпсіздік күштері бамбалы шабуылдың террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жасалғанын алға тартуда. 

Тель-Рифат және Манбидж аймақтарында жаулауын жалғастырған бөлшектеуші террор ұйымы Баб, Азез, Джераблус жәен Африн аймақтарында үнемі террорлық шабуылдар ұйымдастыруда. 

 



Ұқсас жаңалықтар