Еуроодақ Ливиядағы шабуылдарды айыптады

Еуропа Одағы Ливияның астанасы Триполидің түрліше аймақтарында ұйымдастырылған зымыран шабуылдарын қатал айыптады.

1413689
Еуроодақ Ливиядағы шабуылдарды айыптады

Еуропа Одағы Ливияның астанасы Триполидің түрліше аймақтарында ұйымдастырылған зымыран шабуылдарын қатал айыптады. 

Еуропа Одағы комиссиясының мәлімдемешісі Петер Стано  күнделікті баспасөз мәслихатында жасаған мәілмдемесінде:

"Триполидің түрліше аймақтарында бейуаз азаматтарға қарсы ұйымдастырылған зымыран шабуылдарын қатал айыптаймыз. Бұл қабыл алынбайды. Италиян өкілетті елшілігі маңында шабуыл ұйымдастырылған. Италия ортақтарымызбен ұйымшылдығымызды қайталаймыз" делінді.

Ливияда азаматтарға қарсы жасалған шабуылдың халықаралық заңға қайшылық екенін айтқан Стано:

"Шабуыл  тараптардың атысты тоқтатып, саяси келісімге қайта бастауы керектігін айқындады" деді.

Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштер лидері Халифа Хафтерге қарасты сарбаздар атқан зымыран Триполи кемежайы, Митига әуежайы және жағажай жолына түскені ебепті 3 кісінің қаза тапқаны хабарланған болатын.

Ливия Сыртқы істер министрі Мұхаммед Сейяле "Хафтер сарбаздарының Италия мен Түркия өкілетті елшіліктерінің жақынындағы жағажай жолына зымыран атуы халықаралық заңға қайшы екенін" білдірген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар