Индонезияның Малуку уәлаятында 7.3 балл зілзала болды

Зілзаланың жан мен мал шығынына себеп болған-болмағанына байланысты мәлімдеме жасалмады.

1412211
Индонезияның Малуку уәлаятында 7.3 балл зілзала болды

Индонезияның Малуку уәлаятында 7.3 балл үлкендікте зілзала болды.

Индонезия Метеорология, Климат және геофизика ұйымы (BMKG) орталығы уәлаяттың Малуку Тенгара Барат аймағының 180 километр солтүстік батысындағы су айдынында болған жер сілкінісінің жердің 133 километр астында тіркелгенін жариялады. 

Индонезия Метеорология, Климат және геофизика ұйымы (BMKG) зілзаладан кейін аймақта цунами ескертуін жасамады. 

Зілзаланың жан мен мал шығынына себеп болған-болмағанына байланысты мәлімдеме жасалмады.

Индонезияда 2018 жылы 28 қыркүйекте Сулавеси аралындағы Палу шығанағында болған 7.5 балл зілзала мен артынан келген цунами үш аймаққа ауыр ықпал жасап, 4 мың 340 кісі қаза тапқан болатын.    



Ұқсас жаңалықтар