Ресей ядролық қаруды қолдану оқу-жаттығуын бастады

Ресей Қорғаныс министрлігі тақырыппен баланысты мәлімдеме жасады.

2142762
Ресей ядролық қаруды қолдану оқу-жаттығуын бастады

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Ресей Президентінің тапсырмасы бойынша Бас штаб басқармасының басшылығымен Оңтүстік әскери округінде стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау және қолдану бойынша оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өтті» делінді.

Мәлімдемеде оқу-жаттығу аясында аталмыш аймаққа қарасты әскери бөлімдердің «Ескендір» тактикалық зымыран жүйесіне қажетті оқ-дәрілерді белгіленген нүктеге жеткізгені және оларды қолдану үшін дайындық жұмыстары жүргізілетіні айтылды.

Жаттығуға «Кинжал» гиперсоналды зымыранымен жабдықталған ұшақтардың да қатысатыны аталған мәлімдемеде «Бұл оқу-жаттығудың кейбір батыстық шенеуніктердің Ресейге бағытталған арандатушы мәлімдемелеріне жауап ретінде Ресейдің ядролық күштерінің дайындығын арттыру және елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау мақсатты ұйымдастырылғанына» назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар