Иранда жалған арақтан өлген кісі саны 800-ге жақындады

Иранда жалған арақтан уланған 4 мыңнан астам адамның денсаулық сақтау орталықтарына тіркелгені білдірілді.

1407986
Иранда жалған арақтан өлген кісі саны 800-ге жақындады

Иранда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен қорғайтыны қауесеттеріне орай індет таралған мөлшермен екі жарым айдан бері жалған арақтан уланып өлген адам саны 800-ге жақындады. 

Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ға сұхбат берген Әділет Медициналық ұйымы Ғылыми зерттеу орталық делегациясының мүшесі Камбиз Султанинежад елде жаңа типті коронавирустан (Сovid-19) індеті таралған мөлшермен екі жарым айдан бері жалған арақтан уланып өлген адам саны 796-ға көбейгенін жариялады.

Ең көп өлімнің 205 кісімен астана Тегеранда болғанын айтқан Султанинежад қазірге дейін жалған арақтан уланған 4 мыңнан астам адамның денсаулық сақтау орталықтарына тіркелгенін білдірді.

Иран баспасөзі  жалған арақтан уланып өлген адам саны 728-ге жеткенін жариялаған болатын.

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемешісі Жиханпур 1 сәуірде жасаған  мәлімдемесінде жалған арақ себепті 62 кісінің соқыр болғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар