АҚШ-тан Түркияға алғыс

АҚШ Қорғаныс министрлігінің НАТО саясаттарына жауапты лауазымдысы мәлімдеме жасады

1407954
АҚШ-тан Түркияға алғыс

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Еуропа мен НАТО саясаттарына жауапты кеңесші орынбасары Майкл Райан «Түркияға АҚШ-қа жасаған медициналық көмек және Сovid-19 эпидемиясымен күресте НАТО құрамында ортаға қойған лидерлігі үшін алғысымызды білдіреміз» деді.

Түрік және АҚШ-тық лауазымдылардың 1 аптадан бері бұл көмекті ұйымдастырып жатқандарын атап көрсеткен Райан «Түркияның Италия мен Испания, Ұлыбритания және Балканға жолдаған көмектері сияқты АҚШ-қа жасаған көмегі де НАТО-ның ұйымдастырумен жүзеге асты» делінді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен АҚШ-қа медициналық материалдарды жеткізген Түрік Қарулы күштеріне тиесілі A400M әскери жүк ұшағы кеше жергілікті уақытпен сағат 00.30-да бас қала Вашингтон маңындағы Андревс әуе базасына қонған болатын.

Пакеттерде 500 мың маска, 400 мың сақтандыру киімі, 2 мың литр дизенфектант, 500 медициналық маска мен 400 N95 типі маскаға қоса, 1 мың 500 қорғаушы көзілдірік бар екені атап көрсетілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар