Хафтер шабуылында бір ана мен бала қаза тапты

Хафтерге сарбаздары Триполидың шығысындағы Гарабулли қаласына ұйымдастырған зымыран шабуылында бір бала мен шешесі қаза тапты.

1406366
Хафтер шабуылында бір ана мен бала қаза тапты

Ливияның шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифа Хафтерге қарасты сарбаздардың астана Триполидың шығысындағы Гарабулли қаласына ұйымдастырған зымыран шабуылында бір бала мен шешесі қаза тапты.

БҰҰ тарапынан танылған Ұлттық Келісім үкіметіне қарасты Ашу Волканы операциясының Ақпарат орталығынан жасалған мәлімдемеде Хафтер сарбаздарының астананың 65 километр шығысындағы Гарабулли қаласына зымыран  шабуыл ұйымдастырғаны хабарланды.

Мәлімдемеде зымыранның бір үйге түсуі салдарынан бір әйел мен баласының қаза тапқаны,  үйдегі үш кісінің ауыр жараланғаны білдірілді.

Хафтер сарбаздары Траиполидың шығысындағы Айн Зара аймағындағы бір мешітке зеңбірек атты. Оразаның бірінші күні осы аймаққа ұйымдастырған зымыран шабуылында 3 кісі қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар