Ухан зертханаларының зерттелуі талап етілді

Линдсей Грэм Ухан қаласындағы зертханаларда зерттеу жүргізілуін және Қытайдың аталмыш тақтырыпта ынтымақтастық жасауын талап етті.

1405618
Ухан зертханаларының зерттелуі талап етілді

АҚШ-та  Республика партиясы сенаторы Линдсей Грэм жаңа типті коронавирус  (Сovid-19) індеті ортаға шыққан Қытайдың Хубей уәлаяты Ухан қаласындағы зертханаларда зерттеу жүргізілуін және Қытайдың аталмыш тақтырыпта ынтымақтастық жасауын талап етті.

Fox News телеарнасына мәлімдеме жасаған Линдсей Грэм Қытайдың АҚШ-та коронавирус себепті қайтыс болған кемінде 53 мың адамға және жұмыссыз қалған 26 миллион адамға жауапкер екенін білдіріп, Қытай егер қазірге дейінгі тұғырын жалғастыратын болса, осы елге бағытталған санкциялардың атқарылуы керектігін айтты.

Ухандағы зертханалардың зерттелуі үшін Қытайдың зерттермендермен ынтымақтастық жасауы керектігін айтқан Грэм Ухандағы (вирустың себебі болғаны айтылған) жарқанат, маймыл және эгзотикалық жандылар сатылған базарлардың жабылуы керектігін атап өтті.

Грэм Еуропа Одағының Қытай тақырыбында әлсіз қалғанын және ешнәрсе істемегенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар