Әлемде коронавирус

Коронавирустан өлім-жітім әлем көлемінде 206 мыңнан асты.

1405725
Әлемде коронавирус

Коронавирустан өлім-жітім әлем көлемінде 206 мыңнан асты.  Расталған оқиға саны 3 миллионнан асты.  Сауығып шыққандар саны болса 874 мыңға жетті. 

Италияда бір тәулікте қайтыс болғандар саны күн сайын азайып келеді.  Соңғы бір күнде 260 адам қайтыс болған елде өлім-жітім жалпы саны 26 мың 644-тен асты. Оқиға саны 106 мың 103 болды. Премьер-министр Джузеппе Конте шаралардың 4 мамырдан бастап сатылы түрде өзгеретінін білдірді. 

Францияда Covid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы бір күнде 242-ге артты.  Жалпы өлім-жітім 22 мың 856-ға жетті. Вирус жұқтырған адам саны 191 мың 358-ге жетті. Елде үйінде жатып қайтыс болған адамдардың есепке қосылмағаны атап көрсетілді. 

Ұлыбританияда соңғы 24 сағатта 413 адам қайтыс болды. Жалпы қайтыс болғандар саны 20 мың 732-ге жетті. 

Бразилияда Covid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 4 мың 205-ке, вирус анықталған адам саны 61 мың 888-ге жетті. 

Австралияда коронавирустан 83 адам қайтыс болды.  Ел көлемінде жасалған 510 мың тест нәтижесінде 6 мың 713 адамға вирус жұққаны анықталды.  5 мың 558 адам сауығып кетті. 

19 адам қайтыс болған Жаңа Зеландияда коронавирус оқиғасы 1 469-ға жетті.  1180 адам жазылып шықты. Елде 25 наурыз күнінен бері жүргізілген төтенше жағдай түн ортасында аяқталды. Ел көлемінде төртінші деңгейде жүргізілген тыйым мен шектеулердің орнына жұмыс,  сауда,  сыртқа шығу және кейбір су спорттарының жасалуына рұқсат беретін үшінші категория іске қосылды.



Ұқсас жаңалықтар