Коронавирустан әлем көлемінде өлім-жітім 195 мыңнан асты

775 мыңнан астам адам болса сауығып шықты.

1404902
Коронавирустан әлем көлемінде өлім-жітім 195 мыңнан асты

Коронавирустан әлем көлемінде өлім-жітім 195 мыңнан,  расталған оқиға саны 2 миллион 800 мыңнан асты.  775 мыңнан астам адам болса сауығып шықты. 

Эпидемияның орталығындағы Америка Құрама Штаттарында эпидемиядан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Covid-19 оқиғасы 870 мың 468-ге жетті. Сонымен қатар елдің оңтүстік су айдынында қызмет атқарған бір дистройердегі 18 әскердің тесті позитив шықты. Кемені дезинфекциялау үшін жағалауға шақырды. Пентагон Covid-19 себебімен армияда 26 әскеридің қайтыс болғанын,  алты мыңнан астам оқиға расталғанын білдірді. 

Италияда коронавирустан соңғы бір тәулікте 420 адам қайтыс болды.  Жалпы өлім-жітім 25 мың  969-ға жетті. Оқиға саны 106 мың 527. Денсаулық сақтау министрі “Болашаққа сеніммен, бірақ сонымен бірге мұқият қарауға болады” деді. 

Францияда коронавирус салдарынан бір күнде 389 адам қайтыс болды. Жалпы қайтыс болғандар саны 22 мың 245 болды. 

5 мың 653 адам қайтыс болған Германияда соңғы бір күнде 9 түрік азаматы қайтыс болды.  Осылайша осы елде қайтыс болған түрік азаматтарының саны 109 болды.



Ұқсас жаңалықтар