Кашмирдегі халықтың жағдайы өте нашар

Имран Хан: "Бәлкім, халықаралық қоғам Үндістан жаулап жатқан Кашмирдегі халықтың тіршілігін түсінген болар" деді.

1402826
Кашмирдегі халықтың жағдайы өте нашар

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан жаңа типті коронавирус (Сovid-19) себепті түрлі елдерде атқарылып жатқан карантинге меңзей отырып:

"Бәлкім, халықаралық қоғам Үндістан жаулап жатқан Кашмирдегі халықтың тіршілігін түсінген болар" деді.

Әлеуметтік желіден мәлімдеме жасаған Имран Хан әлемнің кейбір елдерінде медициналық, қаржылай және азық-түлік жәрдемдеріне қарамай, көшеге шығу шектемелерінің протест етілгенін айтты.
Имран Хан Үндістан жаулап жатқан Кашмирдегі халықтың қысым астында 8 айдан бері осындай өмір кешіп жатқандарын білдіріп:

"Бәлкім, халықаралық қоғам Үндістан жаулап жатқан Кашмирдегі халықтың тіршілігін түсінген болар" деді.

Жауланып жатқан Кашмирге 8 айдан бері ешқандай медициналық, экономикалық, азық-түлік жәрдемі жасалмағанын және хабарласудың шектелгенін айтқан Хан Үндістанның Наренда Моди үкіметінің жаулау кезінде кашмирліктерді жәй тұрмыстық қажеттілікке жетуден де мақұрым тастағанын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар