Меркель мұқият болуды жалғастыру керектігін айтты

Меркель эпидемиямен күресте ешкімнің өзін бір сәтке болса да сенімді сезінбеуін сұрады.

1402232
Меркель  мұқият болуды жалғастыру керектігін айтты

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирустың жаңа түрімен күресте мұқият болуды жалғастыру керектігін айтты. 

Меркель эпидемиямен күресте ешкімнің өзін бір сәтке болса да сенімді сезінбеуін сұрады. 

“Мұқият болуды жалғастыруымыз керек” деген Меркель шаралардың жеңілдетілуіне байланысты таластарға да тоқталды.  “Қазіргі жағдай бізді алдайды. Бүгін дүкенденді ашсақ, нәтижесін 14 күннен кейін көреміз. Жағдайды қиындататын да осы” деді ол. 

Оқиға саны артатын болса,  сақтық шараларын қайтадан арттыру керек болатынын ескерткен Меркель басқа елдердегі трагедиялық жағдайды Германияда көргісі келмейтінін атап айтты. 

Меркель уәлаят басшыларына шараларды көп жеңілдетпеуге кеңес берді.  “Өте жылдам болу қатеге апарып соғуы мүмкін. Менің уайымым осы. Теңгерімді және табысты жолымызға қауіп төндірмеуіміз керек” деді ол. 

Әлеуметтік қашықтық және екі адамнан көп бас қоспау керектігін еске салған канцлер осы жайттарға абай болу керектігін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар