Коронавирус эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен әлем көлемінде өлім-жітім 170 мыңға жақындады.

1402140
Коронавирус эпидемиясында соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен әлем көлемінде өлім-жітім 170 мыңға жақындады. Расталған оқиға саны 2 миллион 400 мыңнан, сауығып кеткендердің саны 650 мыңнан асты. 

Эпидемияның орталығы Америка Құрама Штаттарында Covid-19 себебімен бір күнде 781 адам қайтыс болды. Жалпы қайтыс болғандар саны 41 мың 356 болды.  Оқиға саны 771 мың 216 ретінде тіркелді. Елде 71 мың 497 адам болса сауығып шықты. 

Италияда коронавирустан соңғы бір тәулікте 454 адам қайтыс болып,  жалпы қайтыс болғандар саны 24 мың 114-ке жетті. Расталған оқиға саны 108 мың 237-ге жетті. Сонымен қатар елде ең көп оқиға тіркелген және өлім-жітім көп болған Ломбардия аймағынан жағымды бір хабар келіп жетті.  Аймақтағы бір аурухана бес жан сақтау бөлімінің бірінің енді мұқтаждық болмағандықтан жабылғанын хабарлады. 

Францияда Covid-19 эпидемиясынан қайтыс болғандардың саны бір күнде 547 артып,  20 мың 265-ке жетті. Оқиға саны 120 мың 067 болды. 

Ұлыбританияда қайтыс болғандар саны бір күнде 449 артты.  Жалпы қайтыс болғандар саны 16 мың 509-ға жетті. 

Алайда бұл деректер тек ауруханада қайтыс болғандарды қамтығандықтан нағыз өлім-жітім саны белгісіз. Қариялар үйінің басшылары қарттар үйлеріндегі өлім-жітімнің 7 мың 500 болып қалғанын білдірді. 

Коронавирустан 1076 адам қайтыс болған Германияда тағы бес түрік азаматы ажал құшты.  Елде коронавирустан қайтыс болған түріктердің саны 92-ге жетті. Германияда 146 мың 653 оқиға тіркелген. 

Канада бойынша коронавирустан соңғы 48 сағатта 282 адам қайтыс болды. Федералдық Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, қайтыс болған саны 1 648-ге жетті. Сонымен бірге оқиға саны да 35 мың 708-ге жетті. Ел көлемінде сауығып кеткендердің саны 12 мың 197. 

Оңтүстік Америкада Бразилияда коронавирустан соңғы бір тәулікте 383 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім осылайша 2 845-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар