Барзани Түркия әуе көліктерін мақтады

Барзани: "Күрд аймағы ПКК-ның әрекет майданы емес. ПКК аймағымызға жақсылық жасағысы келсе, күрд аймағынан шығып кетсін" деді.

1401998
Барзани Түркия әуе көліктерін мақтады

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің төрағасы Нечирван Барзани Түркияның жоғары технологияға ие қарулы адамсыз әуе көліктерін мақтады.

Нечирван Барзани Эрбильде журналистерге жасаған мәлімдемесінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ның Ирак Күрд аймағындағы болмысының заңсыз екенін және ұйымның Эрбиль әкімшілігінің басына дерт болудан аулақ болуы керектігін айтты.

Нечирван Барзани:

"Күрд аймағы ПКК-ның әрекет майданы емес, болмайды және болмауы керек. ПКК аймағымызға жақсылық жасағысы келсе, Күрд аймағынан шығып кетсін" деді.

ПКК-ның Эрбиль мен Сүлеймание уәлаяттары арасында Кандилге жақын Зини Верте аймағында бақылау түйінін құрғысы келгенін, сол себепті Түркияның осы нысаналарды атқанын айтқан Барзани Түрік адамсыз әуе көліктерінің технологиясы жоғары және нысаналарды анықтау қуаты күшті екенін білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар