Талибан Ауғанстанда әскери учаскеге шабуылдады

Талибан Чарх ауданында әскери учаскеге шабуыл жасады.

1399522
Талибан Ауғанстанда әскери учаскеге шабуылдады

Ауғанстанның Логар уәлаятының Чарх ауданында Талибан мүшелері әскери учаскеге шабуыл жасады. Шабуылда 9 әскер қаза тапты.

Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде террористтердің Чарх ауданының Кале-и Дашт аймағындағы әскери учаскеге шабуылдағаны білдірілді.

Шабуылда 9 әскердің қаза тапқаны атап көрсетілген мәлімдемеде шабуылдың артынан шыққан қақтығыста Талибанға ауыр соққы берілгені атап көрсетілді.

Талибаннан әлі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасалмады.



Ұқсас жаңалықтар