Ресей АҚШ-қа наразылық көрсетті

Мария Захарова АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирус індеті сылтауымен айыптаған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына берілген қаржыны тоқтату шешіміне наразылық көрсетті.

1398909
Ресей АҚШ-қа наразылық көрсетті

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мария Захарова АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті сылтауымен айыптаған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына берілген қаржыны тоқтату шешіміне наразылық көрсетті.

Мария Захарова орыс хабар агенттігі ТАСС-қа берген сұхбатында АҚШ-та саясатшылардың "Әрқашан жазғыратын біреулерді табатынын" айтты. 

АҚШ-тың Қытай және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті сылтауымен айыптағанын айтқан Захарова:

"Хиллари Клинтонның жеңілісіне орай Ресейді, АҚШ-тағы денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерге орай Ресей президенті Владимир Путиннің жеке басын айыптады. АҚШ үшін маңыздысы өздерінің адалдығын дәлелдеу мақсатымен қияли дәлелдермен қылмысты табу" деп көрсетті. 

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Вашингтонның шешімінен алаңдап отырғанына меңзеп:

"Бұл АҚШ лауазымдыларының коронавирус індеті себепті әлемде болған оқиғаларға өзімшіл бейімделуі болмақ. Халықаралық қоғамның басты  күн тәртібіндегі кезінде  бұл организацияға жасалған аталмыш соққы айыпталуы және сындалуы керекті бір қадам" деп көрсетті.   

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қытай үшін жұмыстанғанын және коронавирус індетінің әлем көлемінде таралуына жауапкер екенін және елеусіз қарағанын пайымдап, елінің ұйымға берілген қаржысын тоқтатуға шешім жасағандарын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар