Эпидемия салдарынан шығыста көз жұмған адам саны көбейді

Әлемде Сovid-19  салдарынан көз жұмғандар саны 125 мыңға жетті.

1398294
Эпидемия салдарынан шығыста көз жұмған адам саны көбейді

Бүкіл әлемде жаңа тип коронавирус (Сovid-19)  салдарынан қайтыс болған адам саны 126 мың 758-ге жетті. Оқиға саны 2 миллион 243, жазылғандар саны 484 мың 597-ден асып түсті.

Қайтыс болған адам саны 3 мың 342-ге жеткен Қытайда соңғы 24 сағаттың ішінде 1 адам вирустан опат болды. Елде 46 жаңа Covid-19 оқиғасы тіркелді. Осылайша Қытайдағы коронавирус оқиғасы 82 мың 295-ке жетті. Қытай мен АҚШ 3 түрлі Сovid-19 вакцинасының клиникалық сынақтарын жалғастыруда.

Эпидемиядан 118 адам көз жұмған Израильде оқиға саны 12 мың 046 болды. Бұлар арасында 8 күндік бір нәрестенің де бар екені білдірілді. Анасына Сovid-19 жұқпаған нәрестенің денсаулық жағдайының жақсы екені білдірілді.

Иранда 4 мың 68 адам қайтыс болса, оқиға саны 74 мың 877-ге жетті.

Ресейде коронавирус оқиға саны 21 мың 102-ге ұласты.

15 адам мерт болған және 275 оқиға тіркелген Қазақстанда төтенше жайдай 1 мамыр күніне дейін ұзартылды.

13 адам мерт болған Әзербайжанда оқиға саны мың 197-ге жетті. Президент Ильхам Әлиев Cоvid-19 эпидемиясымен күрес үшін басылған шектеуші қадамдардың экономикаға болымсыз ықпалы болғанына қарамастан адам денсаулығы үшін қажетті екенін атап көрсетті.

Арменияда көз жұмғандар саны 17-ге жетсе, вирус жұқтырғандар саны мың 111-ге ұласты.

Эпидемия салдарынан 4 адам қайтыс болған Өзбекстанда оқиға саны мың 214-ке жетті.

Қырғызстанда болса вирус салдарынан көз жұмғандар саны 5-ке жетсе, инфекцияны жұқтырғандар саны 449-ға ұласты. Парламент президенттің бекіткен төтенше жағдай мерзімін 30 сәуір күніне дейін созатын қаулыға қол қойды.

Сovid-19 салдарынан 41 адам көз жұмған Молдовада болса мың 934 оқиға тіркелді.

41 адам қайтыс болған Украинада оқиға санының 3 мың 764 екені білдірілді.

Беларусь Денсаулық сақтау министрлігі көз жұмған адам санын 33-ке, оқиға саның 80 бала, барлығы 3 мың 281-ге ұласқанын білдірді.

Эпидемиядан 3 адам қайтыс болған, оқиға саны 309-ға жеткен Грузияның бас қала Тбилисиге қоса, Кутаиси, Батуми және Рустави қалалары бүгіннен бастап, 10 күн бойынша кіріс-шығысқа жабылды.

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны Алжирде 326-ға, Сауд Арабиясында 73-ке ұласты.

Иракта эпидемия салдарынан 78 адам көз жұмса, оқиға саны мың 400-ге жетті.

Тунисте 34 адам көз жұмса, араларында Иттихад ибн Кирдан футбол клубы футболшысы Өмер Зекри де бар 727 оқиға тіркелді.

127 адам көз жұмған Мароккода үкімет жаңа коронавируспен күрес аясында құрылған қорға құю үшін мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларынан 3 күндігін ұстауға шешім қабылдады.

Кувейтте оқиға санының мың 405 екені білдірілді.

Израиль полициясы басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимде палестиналықтарға жаңа коронавирус анализі жасайтын клиникаларды жапты.

Гвинеяда жаңа тип коронавирус салдарынан алғашқы адам өлімі тіркелді. Оқиға саны 363-ке жетті.

Кенияда 9 адам қаза тапса, оқиға саны 216 болды. Қабылданған шаралар аясында маска тағу шартына бағынбай үйден шыққандарға 20 мың шиллингі (мың 300 лира) ақша айыппұл  немесе 6 ай бас бостандығынан айырылу үкімі кесілетіні жарияланды.

Үндістанда оқиға саны 11 мың 487 болып жарияланды. Премьер-министр Нерандра Модидің Сovid-19 эпидемияның тарауының алдын алу мақсатты ел көлемінде жарияланған коменданттық сағаттың созылғанын жариялауының артынан Мумбайда мыңдаған адам протест етті.

Африка құрлығында қайтыс болғандар саны 893 болса, вирус жұқтырған адам саны 16 мың 285-ке жетті. Лесото мен Коморлар одағында әлі күнге дейін оқиға кездеспеді.



Ұқсас жаңалықтар