Жер бетінде 431 536 адам вирусты жеңді

Сауыққан адамдар саны ең көп Қытайда кездеседі.

1397100
Жер бетінде 431 536 адам вирусты жеңді

Коронавирустың жаңа түрі кездескен ел және аймақтардағы жаңа оқиғаларға байланысты деректер жинақталған "Worldometer" интернет сайтына қарағанда Жер бетінде 431 536 адам вирусты жеңді. 

Сауыққан адамдар саны ең көп Қытайда кездеседі.  Елде Covid-19 жұқтырып алған 77 663 адам айығып шықты. 

Қытайдан кейін ең көп науқас сауыққан елдер болса кезегімен Испания (64 мың 727), Германия (64 мың 300), Иран (43 мың 894), Италия (34 мың 211), Америка Құрама Штаттары (ABD) (32 мың 634) және Франция (27 мың 186) болды. 

Әлем көлемінде коронавирус оқиға саны 1 миллион 861 мың  672-ге жетті, вирус салдарынан 114 980 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар