Франция хлорохин қолданып отыр

Хлорохиннің науқастардың 91,7 пайызын 10 күнде сауықтырғаны білдірілді.

1396025
Франция хлорохин қолданып отыр

Францияда коронавирустың жаңа түрінен емдеуде қолданылған хлорохиннің науқастардың 91,7 пайызын 10 күнде сауықтырғаны білдірілді. 

Француз баспасөзінде орын алған хабарларда,  Марсельдегі Жерорта теңізі Инфекция институты бас директоры Проф. Дидие Раулттың бір зерттеуі нәтижесінде хлорохиннің вирус жұқтырған 1061 адамда қолданылғаны айтылды. Осы кісілердің 91,7 пайызы 10 күнде сауығып шықты. 74-95 жас аралығындағы науқастардың 0,5 пайызы қайтыс болды. 

Осы дәрігер 9 сәуір күні ел президенті Эммануэль Макронмен кездескен болатын. 

Францияда премьер-министрлік жарлығымен хлорохиннің емдеуде қолданылуына рұқсат берілді.



Ұқсас жаңалықтар