АҚШ-тың Баграм базасына зымыран атылды

АҚШ-тың Ауғанстандағы ең үлкен әуе базасы Баграмға зымыран шабуылы ұйымдастырылды.

1394884
АҚШ-тың Баграм базасына зымыран атылды

АҚШ-тың Ауғанстандағы ең үлкен әуе базасы Баграмға зымыран шабуылы ұйымдастырылды.

Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің мәлімдемешісі Тарык Ариен Парван уәлаятының Келече ауылынан АҚШ-тың Баграм әуе базасына 5 зымыран оғы атылғанын айтты.  Тарык Ариен бір көлікке орналастырылған зымыран оқтарының алыстан басқарылып атылғанын білдірді.

Ауғанстандағы НАТО жасақтарынан жасалған мәлімдемеде Баграм әуе базасына 5 зымыран оғы атылғаны және шабуылда жан шығыны болмағаны хабарланды.

Зымыран шаубылын әлі ешкім мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар