Коронавирустың жаңа түрінен өлім-жітім саны 80 мыңнан асты

Расталған оқиға саны 1 миллион 400 мыңнан асты.

1393529
Коронавирустың жаңа түрінен өлім-жітім саны 80 мыңнан асты

Әлем көлемінде коронавирустың жаңа түрінен өлім-жітім саны 80 мыңнан асты.  Расталған оқиға саны 1 миллион 400 мыңнан асты. Ал 300 мың адам сауығып кетті. 

Италияда соңғы бір күнде 604 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім  17 127 -ге көтерілді. Олардың ішінде 94дәрігер мен 26 медбике бар. Елде расталған оқиға саны  94 067 болды. 

Францияда болса  10 328 адам қайтыс болды. Оқиға саны 109 069 -ға жетті. 

Өлім-жітім саны 2 101 -ге, оқиға саны 19 580-ге жеткен Нидерландыда бір қариялар үйінде тұратын  107 жасар әйел вирусты жеңді. 

Ұлыбританияда Covid-19 салдарынан соңғы  24 сағатта 786 адам қайтыс болды. Жалпы қайтыс болғандар саны 6 159-ға жетті. Елде расталған оқиға саны  3 634 артып, 55 242 -ге жетті. 

Америка Құрама Штаттарында эпидемиядан бір күнде 1 339 қайтыс болды. Жалпы қайтыс болғандар саны 10 993 -ке жетті. Оқиға саны  30 478 артып, 368 449 -ға жетті. Өлім-жітім жағынан Нью-Йорк 4 758 адаммен бірінші орында тұр.

Латын Америкадағы Мексикада қайтыс болғандар саны 125-ке жетті. Елде вирус жұқтырған саны 2 439 болды. 

Кариб елдерінде де жағдай ауыр.  Доминика Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустан соңғы 24 сағатта 12 адамның қайтыс болып, жалпы өлім санының 98 -ге жеткенін білдірді. Вирусты жұқтырған адам саны 1 956 болды. 

Куба Халық денсаулығы министрлігінің хабарламасына қарағанда эпидемияда қайтыс болғандар саны соңғы 24 сағатта  2 артып, жалпы 11 -ге, оқиға саны 396-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар