Араб Одағынан Ливияға бітім шақыруы

Араб Одағы мәлімдеме Ливиядағы тараптарды бітімге шақырды.

1391305
Араб Одағынан Ливияға бітім шақыруы

Араб Одағы Ливияның шығысындағы көтерісшіл күштердің басшысы Халифа Хафтердің Триполиге шабуыл жасауға бұйрық беруінің бірінші жылдығында Ливиядағы тараптарды бітімге шақырды.

Мәлімдемеде Триполи мен Ливияның батыс өңірлерінде жалғасқан қақтығыстардың алаңдатқанына назар аударылып «Триполи қаласының айналасынан бастап, ел көлеміндегі барлық қақтығыстарды тоқтатуға шақырамыз» делінді.

Қақтығыстар себепті қазірге дейін мыңдаған жазықсыз адамның қаза тапқаны еске салынған мәлімдемеде жүз мыңдаған адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр қалғаны, білім беру процесінің тоқтағаны және Ливиядағы қоғамдық құрылымның бұзылғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде БҰҰ тарапынан жаңа тип коронавирус (Сovid-19) себепті ұсынылған бітім, ұлттық мүдделерді алдыңғы қатарда ұстау, БҰҰ басшылығында жалпыға және түбегейлі бейбітшілік үшін қаруларды тастау керектігіне назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар