Солтүстік Корея қысқа қашықтықта 2 зымыран сынақтан өткізді

Жапон теңізінде кеше жасалған сынақта қолданған зымырандардың «қысқа қашықтықта» екені білдірілді.

1387517
Солтүстік Корея қысқа қашықтықта 2 зымыран сынақтан өткізді

"Yonhap" агенттігінің Оңтүстік Корея армиясына сілтеген хабарына қарағанда кеше Солтүстік Кореяның Вонсан қаласынан ұшырған екі қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран 50 шақырым биіктікке көтеріліп, 410 шақырым ұшқан соң теңізге құлады.

Оңтүстік Корея Бас штаб басқармасы мәлімдемешісі Ким Жон-рак Солтүстік Кореяның бүгін азанда жариялаған сынаққа қатысты фотосуреттердің 2019 жылы тамыз айында сынақтан өткізілген көп тұмсықты зымыран қағар жүйесіне тиесілі екенін атап көрсетті.

Оңтүстік Корея бүкіл әлемде жаңа тип коронавирус себеп болған қиыншылықтармен күрескенде, Солтүстік Кореяның бұл әскери қимылының өте жағымсыз екенін жариялады.

Солтүстік Корея дереу мұндай сынақтарды тоқтатуға шақырылды.



Ұқсас жаңалықтар