Қытайдың вакцинасы сыналады

Қытайда жаңа типті коронавирусқа қарсы жетілдірілген бір вакцинаға клиникалық сынақ үшін мақұлдау берілді.

1380034
Қытайдың вакцинасы сыналады

Қытайда жаңа типті коронавирусқа қарсы жетілдірілген бір вакцинаға клиникалық сынақ үшін мақұлдау берілді.

Қытай телеарнасы CCTV-дің хабарына қарағанда Әскери медицина академиясынан бір топ зерттермен тарапынан жаңа типті коронавирусқа қарсы жетілдірілген бір вакцинаның қауіпсіздік, әсерлілік және сапасы жағындағы сынақтардан өткені, сонымен бірге көлемді өндіріс үшін дайындықтардың бастағаны білдірілді. 

Қытай Әскери медицина академиясынан биолог инженер, генерал-майор Чын Вый басшылығындағы зерттеу тобы дайындаған вакцинаның субуниттік вакциналар екені, ішінде тек қана коронавирустың ауруға себеп болмайтын антиген бөлшектері бар екені білдірілді.  

Субуниттік вакциналар ауруға себеп болатын патогеннің әлсіретілген бір нұсқасын қамтыған вакциналарға қарағанда сенімді және тұрақты деп қаралады. Алайда патогенді қамтыған вакциналарға қарағанда тіпті әлсіз қорғауды қамдайды. 

Мақұлдаудан кейін қысқа уақыт ішінде вакцинаның клиникалық сынақтарының басталуы күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар