Батыс елдерінде коронавирус жағдайы асқынды

Батыс елдеріндегі вирустан жан шығыны барған сайын артып келеді.

1379294
Батыс елдерінде коронавирус жағдайы асқынды

Еуропада жаңа типті коронавирус ауыр әсер жасаған Италияда жан шығыны 349 кісі артып, 2 мың 158-ге көбейді. 

Испанияда қайтыс болған адам саны 309, оқиға саны 9 мыңнан асты.

"Коронавируспен күресіп жатырмыз" деген Франция президенті Эммануэль Макрон 15 күн үйден шықпау саясатын атқаратындарын білдірді. Еркін жүру шектелген елде жан шығыны 127 кісі.

13 кісі қайтыс болған Германияда 6 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. Елде топтық іс-шаралар тоқтады.55 жан шығыны бар Ұлыбританияда қызуы өрлеп, жөтелген адамдарға емханаға бармай, үйде жату ұсыныс етілді.

Голландия пермьер-министрі Марк Рютте:

"Голландия халқының көпшілігі жақында вирусты жұқтыратыны шындық" деді.

Рютте:

"Иммунитет қуаты артқан адам саны қаншалық көп болса, вирустың қарттар мен науқастарға таралуы соншалық азаяды" деді. Елде жан шығыны 24 кісі.

3 кісі қайтыс болған Австралияда оқиға саны мың 16 болды.

Еуропа Одағы мүше елдерге қажетсіз саяхаттарды 30 күн шектеді.

Швейцария үкіметі елде төтенше жағдай жариялады. Елде қайтыс болған кісі 18, жұқтырған кісі саны 2 мың 353-ке жетті.

Швецияда жан шығыны 6, оқиға мың 40 деп тіркелді. 

Чехияда 298, Польшада 156, Словакияда 72, Венгрияда 39 науқас тіркелді.

71 кісі қайтыс болған АҚШ-та негізгі қалаларда бар мен асханалар уақытша жабылды. Елде вирусты 4 мың кісі жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар