Жасанды ішімдіктен қаза тапқандар саны артты

Иранда соңғы бір аптада жасанды ішімдіктен қаза тапқандар саны 81-ге жетті.

1377648
Жасанды ішімдіктен қаза тапқандар саны артты

Иранның Хузистан, Элброс, Фарс және Мазендеран уәлаяттарында соңғы бір аптада жасанды ішімдіктен қаза тапқандар саны 81-ге жетті.

Иран ресми ақпарат агенттігіне мәлімет берген Төтенше көмек мекемесінің Фарс уәлаяты басшысы Мұхаммед Джевад Мурадиан Фарс уәлаятында 9 наурыздан бері жасанды ішімдік ішкен 103 адамның уланып, ауруханаға түскенін айтты.

Мурадиан 8 адамның қайтыс болғанын, қалғандарының емінің жалғасуда екенін білдірді.

Иранның Хузистан уәлаятында 46, Элброста 15,  Мазендеран уәлаятында да 12 адамның қайтыс болғаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар