"Вирус маусымда аяқталуы мүмкін"

Сонг Наншан жаңа типті коронавирус (Сovid-19) инфекциясының маусым айында аяқталуын күткендерін айтты.

1377296
"Вирус маусымда аяқталуы мүмкін"

Қытайдың  танымал эпидемиологтарынан Сонг Наншан жаңа типті коронавирус (Сovid-19) инфекциясының маусым айында аяқталуын күткендерін айтты.

Халық күндік газетінің хабарына қарағанда Сонг Наншан әлемдегі көптеген елде таралған вирусқа байланысты жалпы алғанда вирустар күн ыстық болатын жазғы маусымда белсенді өрби алмайтынын болжаған.

Сонг Наншан:

"Инфекция ауыр болған елдердің мұқият жұмыстануына орай маусымда инфекцияның аяқталуын күтудемін" деді.

Ұлттық Денсаулық комиссиясының баспасөз мәлімдемешісі Ми Фынг коронавирустың орталығы болған Хубэй уәлаятының Ухан қаласынан басқа аймақтарда бір аптадан бері жаңа оқиға тіркелмегенін білдірді. "Аталмыш мәліметтер елімізде инфекция ауыр болған кезеңнің өтіп кеткенін, қазір баяу жалғасқанын және жаңа оқиғаның азайғанын көрсетеді" деді мәлімдемеші Ми.

Қытайда ауарайының жылынуы мен алдын алу шараларының инфекцияның бәсеңдеуіне ықпал жасағаны білдірілді, сәуір айының соңында жетілдірілген коронавирус вакциналарының клиникалық сынағы басталуы күтілуде. 



Ұқсас жаңалықтар