Шығыс елдерінде коронавирус

Иранда бір қала карантинге алынды.

1375207
Шығыс елдерінде коронавирус

Бүкіл әлемге қауіп төндірген коронавирус эпидемиясынан Қытайда 3 мың 139 адам қайтыс болды.

Елде 80 мың 754 адам вирусты жұқтырған.  Олардың 4 мың 794-інің жағдайы ауыр.  Сенбі күні кешке карантин орталығы ретінде қолданылған қонақүйдің үйіндісінен шығарылған адам саны -59. Олардың 18-і қайтыс болды. 12 адам әлі қалдық астында.

Иракта вирустан қайтыс болған адам саны 7. Денсаулық сақтау министрлігі 62 адамның вирусты жұқтырғанын білдірді.

Иранда болса 237 адам қайтыс болды.  Олардың арасында жоғары деңгейлі лауазым иелері де бар.  Елде бірінші рет бір қала карантинге алынды.

Израиль әкімшілігі жаңа типтегі коронавирус себебімен елге оралған израильдіктер мен келген шетел азаматтарының 14 күн бойы карантинде қалуына шешім берді.

Коронавирус оқиғасы Мысырда 59-ға,  Сауд Арабиясында 20-ға жетті.

Африка құрлығында Алжир,  Сенегал,  Мысыр, Марокко, Нигерия,  Тунис, Оңтүстік Африка Республикасы,  Камерун,  Тогода вирус жұққан адам саны 94-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар