АҚШ Түркияға толық қолдау көрсетеді

Майк Помпео Сирияның Идлиб аймағында өзін қорғау құқығы болған Түркияға толық қолдау көрсететінін айтты.

1373061
АҚШ Түркияға толық қолдау көрсетеді

АҚШ Түркияға толық қолдау көрсетеді.

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сирияның Идлиб аймағында өзін қорғау құқығы болған Түркияға толық қолдау көрсететінін айтты.

Министрлік ғимаратында ұйымдастырылған баспасөз жиналысында журналисттердің сұрақтарына жауап берген Помпео Идлибте болған оқиғалар жайлы мәлімдеме жасады.

Помпео Ресей, Асад режимі және Иранның шабуылдары кесірінен Идлибте жүз мыңдаған халықтың зардап шеккенін білдіріп, Ресейге 2018 жылы Түркиямен жасалған Сочи келісіміне қайтуы және атыстың доғарылуы жайлы үндеу тастады.

Помпео Түркияның АҚШ-тан кейбір талаптарының болғанын баяндап, былай деді: «Түрік үкіметінің кейбір талаптары бар. Қазір осы талаптарды қолға алудамыз. Қорғаныс министрлігі тобымен бірге қанды соғыстың азайтылуы және осы адамдық трагедияның доғарылуының ең жақсы жолын іздестірудеміз. Сонымен қатар НАТО одақтасымыз Түркияның Асад режимі, Ресей және Иран тарапынан Сирияда құрған қауіпке қарсы өзін қорғау құқығына ие екеніне сенеміз».



Ұқсас жаңалықтар