24 сағат ішінде вирустан 30 адам қайтыс болды

Қытайда вирустан 3 мың 44 адам қайтыс болды.

1373258
24 сағат ішінде вирустан 30 адам қайтыс болды

Қытайда жаңа коронавирус (Сovid-19) салдарынан қайтыс болған адам саны 3 мың 44-ке ұласты.

Ұлттық Денсаулық комитетінің деректеріне қарағанда, соңғы 24 сағат ішінде ел көлемінде жаңа коронавирус (Сovid-19) салдарынан 30 адам қайтыс болды, 143 жаңа оқиға анықталды.

Хубэй уәлаятына қарасты Ухан қаласында 12 желтоқсан күні шыққан «Covid-19» вирусы қысқа уақытта басқа қалалар мен елдерге тарап,  Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы «төтенше жағдай» жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар