Мамандар делегациясы Қытайға барды

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дәрігерлер делегациясы Қытайға барды.

1357517
Мамандар делегациясы Қытайға барды

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дәрігерлер делегациясы Қытайға барды.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жасаған мәлімдемесінде ұйым тарапынан құралған бір дәрігер делегациясының коронавирус індетімен байланысты зерттеуге жәрдем беру мақсатымен Қытайға барғанын білдірді.

Бұдан бұрын Эбола вирусымен күресу бөлімшесінде міндет атқарған әйгілі дәрігер Брук Айлвардтың делегацияға төрағалық жасағанын түсіндірген Тедрос Айлвард және кәсіптес дәрігерлердің қытайлық мамандармен бірге жұмыс істейтінін айтты.

Тедрос 10-15 адамдық топтың коронавирус індетімен байланысты жұмыс істейтіндерін атап өтті.

Қытайда жаңа типтегі коронавирус (NCP) эпидемиясынан қайтыс болғандар саны – 1017. Вирус жұққан адам саны 42 мың 638-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар