Шығыс Африкада шөл шегірткелері қаптап кетті

Шығыс Африкада мөлшермен 3 айдан бері таралған шөл шегірткелері енді Уганда мен Танзанияға тарауда.

1356677
Шығыс Африкада шөл шегірткелері қаптап кетті

Шығыс Африкада шөл шегірткелері қаптап кетті.

Шығыс Африкада мөлшермен 3 айдан бері таралған шөл шегірткелері Кения, Сомали және Эфиопиядан кейін Уганда және Танзанияға да жайылуда.

Айта кетейік, бунақденелінің сан миллиондаған шегірткеден тұратын үйірі күніне 150 шақырымға дейін ұшып бара алады.

Шегірткелер үйірлері ішінде қалған Уганда және Танзания халқы сасқалақтап, әлеуметтік медиа арқылы осы жағдайды таратуда. Үкімет те жедел шара қолдануда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік ұйымы шөл шегірткелердің азық-түлік қауіпсіздігіне теңдессіз қауіп төндіргенін және шегірткелермен күресу үшін мөлшермен 70 миллион долларлық жедел жәрдем пакетіне мұқтаж екенін білдірді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар