Италияда жолаушы кемесі карантинге алынды

Жерорта теңізінде бір жолаушы кемесінде қытайлық жұптың қызуы жоғарлауы себепті кеме Италияның Чивитавеккья  қаласы кемежайына тоқтады.

1350508
Италияда жолаушы кемесі карантинге алынды

Италияда жаңа типті коронавирус күдігімен бір жолаушы кемесі карантинге алынды.

Жерорта теңізіндегі бір жолаушы кемесінде саяхатқа шыққан қытайлық жұптың қызуы жоғарлауы себепті кеме Италияның Чивитавеккья қаласы кемежайына тоқтады.

Италиян АНСА агенттігінің хабарына қарағанда 6 мың жолаушысы болғаны білдірілген Costa Crociere компаниясына қарасты жолаушы кемесі қытайлық жұпта байқалған жоғары қызу себепті елдің батысындағы Чивитавеккья  қаласы кемежайына тоқтады.

Қытайлық жұп жаңа типті коронавирус (2019-nVoC) күдігімен бастабында кеменің емдеу бөлмесінде емделді, артынан анализдер үшін Римдегі Мемлекеттік жұқпалы аурулар институтына апарылды.

Алдын алу шарасы ретінде қытайлық жұп жатқан бөлме мен оған жақын жолаушылар бөлмелері босатылып карантинге алынды.

Кемеде 30 түрік жолаушы мен 751 қытайлық жолаушы бар екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар