Сирияда террор ұйымының бомбалы шабуылының алды алынды

Сирияның Ракка қаласында YPG/PKK террор ұйымының бомба тиелген мотоциклі жойылды.

1349686
Сирияда террор ұйымының бомбалы шабуылының алды алынды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Раккада террор ұйымы YPG/PKK-ның мотоциклге тиелген бомбамен шабуылға дайындалғанын, Жарылғыш заттарды табу және жою тобының (METİ) бомбаны жойғанын мәлімдеді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде Раккада қолдан жасалған бомбаның бір мотоциклге тиелгені және террор ұйымы YPG/PKK-ның бомбаны Бейбітшілік бұлағы операциясы аймағында жаруды жоспарлағаны білдірілді.

Қауіпсіздік күштеріне жасалған хабарлауда аталмыш мотоциклдегі жарылғыштың METİ тарапынан жойылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар