Коронавирус барша әлемге таралуда

Қытайдың Ухан қаласындағы  пайда болған жаңа типті коронавирусы барша әлемге таралуда.

1350328
Коронавирус барша әлемге таралуда

Коронавирус барша әлемге таралуда.

Қытайдың Ухан қаласындағы  пайда болған жаңа типті коронавирус барша әлемге таралуда.

Ухан қаласында емделіп сауығып шыққан 201 Америка азаматы да  Калифорнияда карантинге алынды.

Пекин әкімшілігі аурудың таралуын алдын алу үшін 55 миллионға тарта адамды карантин астына алды. Алайда қайтыс болған адам саны күн сайын артуда.

Бүкіләлемдік  денсаулық сақтау ұйымы бас директоры Тедрос Адханом вирустың Германия, Вьетнам және Жапонияда адамнан адамға таралғаны жайлы дәлелдерге назар аударды.

Адханом вирустың зерттелуі үшін құрылатын халықаралық бір делегацияның Қытайға баратынын айтты.

Осы барыста Бүкіләлемдік  денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай комитеті «жаһандық төтенше жағдай жариялау» тақырыбын қолға алу үшін жиналады.

British Airways және ve Lufthansa секілді көптеген әуе жолы фирмасы да Қытайға рейстерін тоқтатты.

Енді бір жағынан Қытай экономика министрлігі жұқпалы аурумен күресу үшін 3,9 миллиард долларлық бір қордың құрылатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар