Австралияда 6 кісі коронавирусты жұқтырған

Вирусты 6 кісі жұқтырған Австралияда алдын алу мақсатымен қажетті шаралардың жасалғаны білдірілді.

1349793
Австралияда 6 кісі коронавирусты жұқтырған

Австралияда Қытайдың Ухан қаласында 2019 жылы желтоқсан айында пайда болған жаңа типті коронавирусты (2019-nCoV) жұқтырғандар саны 6 кісіге көбейген.

Виктория уәлаяты денсаулық сақтау лауазымдылары 60 жастардағы тағы бір кісіде жаңа типті коронавирус байқалғанын хабарлады.

Жаңа типті коронавирус науқасы анықталған кісілердің жақындарынан да осындай бейнелер көрілгені, алайда жасалған анализдерде ешқандай бір вирус белгісі кезікпегені білдірілді.

Вирусты жұқтырғандар саны 6 кісі болғанын жеткізген лауазымдылар өлімшіл науқастың алдын алу мақсатымен қажетті шаралардың жасалғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар