Күш қолдануды доғаруға шақырды

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Талибанға шақыру тастады.

1346029
Күш қолдануды доғаруға шақырды

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Талибанға шақыру тастады.

Ғани Швейцарияның Давос қалашығында өткен 50-ші Бүлкіәлемдік Экономикалық форум шеңберінде «Аймақтық және жаһандық аяда Ауғанстан» атты жиналысқа қатысты.

Ауғанстанда күш қолданудың доғарылуы керектігін,  тұрақтылықтың қамдалуы үшін аймақ және әлем елдерінің қолдауы керектігін білдірген президент алайда кейбір елдердің Ауғанстанды соғыс майданына айналдыруға үлес қосқанын айтты.

Ғани Талибанның енді күш қолдануды доғаруы керектігін атап көрсетті.

«Талибан сарбаздарының көбі соғыстан жалықты,  алайда олар да басшыларының саяси ойындарына бағынады» деді ол.

Ауғанстан президенті ауған үкіметі мен халқының жалғыз тілегінің бейбітшілік екенін баса айтты.

Ол барлық проблеманың келіссөз арқылы шешілетінін білдірді.

Сонымен қатар Ауғанстанның Африаб уәлаятында дәріханаға шабуыл жасалып, дәріхана қожайыны қаза тапты.  Айырықша дәрі алуға келген 6 азамат жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар