36 мың адам көшіп кетті

Башар Асад әскерлерінің шабуылдарына Ресей де әуе күштерімен қолдау беріп отыр.

1346047
36 мың адам көшіп кетті

Сирияда Башар Асад әкімшілігінің күштері мен Ресейдің бомбалауынан қашқан 36 мың адам көшіп кетті.  Алеппоның Иблид қақтығысты баяулату аймағы шекарасындағы ауылдардан соңғы екі күнде 36 адам үдере көшті.

Башар Асад әскерлерінің шабуылдарына Ресей де әуе күштерімен қолдау беріп отыр.

Осы шабуылдар салдарынан соңғы екі күнде 11 мың 691 отбасы баспанасыз қалды.

Үдере көшкендердің көбі Түркиямен шекарадағы лагерльлерге келуде.  Кейбірі Түркия тарапынан террористтерден тазаланған аймақтарды паналауда.

Идлибтің оңтүстік және оңтүстік шығысы мен Алеппоның батыс пен оңтүстік жақтарынан 2019 жылдың қараша айынан бері шамамен 450 мың адам қоныс аударды.

Идлибтегі лагерьлер толғандықтан, жаңа шатыр құратын алаңдарда инфрақұрылым болмағандықтан мыңдаған адам баспана таба алмай отыр.



Ұқсас жаңалықтар