Хафтер Ресейге баруға дайын

Кремль Хафтердің Ресей президенті Владимир Путинге хат жазғанын хабарлады.

1342948
Хафтер Ресейге баруға дайын

Ливияның шығысын бақылауына алған заңсыз қарулы күштер лидері Халифа Хафтер бейбітшілік кездесулерін жалғастыру үшін Ресейге баруды қалайды.

Кремль Ақпарат орталығынан жасалған мәлімдемеде Хафтердің Ресей президенті Владимир Путинге хат жазғаны хабарланды. 

Мәлімдемеге қарағанда Хафтер хатында:

"Ливияда бейбітшілікті орнату үшін Мәскеуде жасалған кездесулер үшін алғыс айтамыз және мұны толық қолдаймыз. Басталған келіссөз процесін жалғастыру мақсатындағы шақыруыңызды қабыл алып, Ресейге сапарлай баруға дайынбыз" делінді.

Хафтер аптаның басында Түркия мен Ресейның бақылауында Мәскеуде жүргізілген атысты тоқтату кездесулерінен кейін қалыптасқан келісімге қол қоймастан Ресейден кетіп қалған болатын.

Министрлік Ливияда тараптарлар арасында келісім жасау үшін жұмыстануды жалғастыратындарын хабарлады.

Мәскеуде Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар орыс әріптестерімен кездесіп,  Ливияда бітім үшін мәтін жобасында келіскен болатын.

Ливия Ұлттық Келісім үкіметінің премьер-министрі Серрадж жобаға қол қойды,  Хафтер болса мәтінді талқылау үшін таңға дейін мерзім сұраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар